«Жазда қыстың қамын ойла» — ата-бабамыздан қалған бұл даналық сөз әсіресе төрт түлігін өсіріп, ата кәсіпті нәсіп еткен шаруалар үшін басты қағида. Осы орайда, алдағы 2026-2027 жылдардың қыс айларында мал азығынан тапшылық көрмеу мақсатында Бозой ауылдық округіне қарасты “Ақжол” шаруа қожалығы қызу жұмысқа кірісіп кетті.
Бүгінде қожалық иелігіндегі пішендік алқаптарда шөп шабу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Дала төсіндегі жасыл желек орылып, қысқы мал азығы ретінде Бозой ауылына тасымалдануда. Шаруашылық басшысы Н. Лекеровтің айтуынша, мал азығын ерте бастан және сапалы дайындап алу — қыстан қысылмай шығудың бірден-бір кепілі.
Қазіргі таңда техникалар сайланып, жұмыс күші толық жұмылдырылған. Дала қосындағы еңбеккерлер күннің ыстығына қарамай, уақытпен санаспай еңбек етуде. Орылған шөп дер кезінде басылып, ауылға қарай жөнелтіліп жатыр.
Малы тоқ, қайран еліміздің берекесін кіргізіп отырған “Ақжол” шаруа қожалығының ұжымына және оның жетекшісі Н. Лекеровке атқарып жатқан игілікті істерінде сәттілік пен береке тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті, қыс айлары мал-жанға жайлы болсын!
2026-2027 жылдың қыс айларында жемшөпті қамтамасыз ету мақсатында Бозой ауылдық округінің "Ақжол" шаруа қожалығы шабындық науқанын және Бозой ауылына тасымалдауды бастады. Қысты ойлайтын үй иесі Н. Лекеровқа сәттілік тілейміз.
Ұқсас материалдар

Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"АшуДенисов аудандық мәслихатының cегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
Ашу
«БОРЫШКЕР» БІРЛЕСКЕН РЕЙДІК ІС-ШАРАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жаңалық
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасыАшу
"Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды кім ала алады
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес Шалқар ауданының әкімі Қ.Ақшолақтың және қала, ауылдық округ әкімдерінің аудан тұрғындарымен кездесулері кестесі
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қайрат Серікбайұлы Ақшолақ Шалқар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Шалқар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу