Оңтүстік телеарнасының «Жаңа Қоғам» бағдарламасында фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

    Оңтүстік телеарнасының «Жаңа Қоғам» бағдарламасында фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

    Оңтүстік телеарнасының «Жаңа Қоғам» бағдарламасының кезекті шығарылымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған денсаулық сақтау және фармацевтика саласын дамыту бағыттары кеңінен сөз болды.
    Бағдарламаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтика саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Алтынбек Жанабайұлы қатысты.
    Эфир барысында Мемлекет басшысы айқындаған отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішкі нарықтағы үлесін 50 пайызға дейін жеткізу стратегиялық мақсаттардың бірі екені атап өтілді.
    Сонымен қатар, елімізде фармацевтика өнеркәсібін дамытуға ерекше басымдық беріліп отырғаны айтылды. Бүгінде Шымкент қаласы өнеркәсіптік әлеуеті бойынша республикада жетекші өңірлердің бірі болып табылады және өнеркәсіп өндірісі көлемі бойынша екінші орында тұр. Қалада дәрілік заттармен қатар медициналық бұйымдар өндірісі де қарқынды дамып келеді.
    Бағдарлама барысында отандық өндірісті қолдау, фармацевтикалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты сапалы әрі қолжетімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді.

    https://youtu.be/YUDvqgpAlmM?si=DOyfoseUt_zgVFgP

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары