Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде семинар өткізілді

    ·
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде семинар өткізілді

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде кезекті семинар Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері үшін өткізілді.

    Семинарда Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гаухар Сұлтанқызы Каткенова мен бөлім басшысы Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп бойынша бұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндіру жүргізді.

    Атап айтқанда Департамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланбау туралы түсіндірді.

    Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жұмыста және жұмыстан тыс уақыттағы, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, лудоманияның алдын алу және жалпы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері түсіндірілді.

    Семинар соңында қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, жұмыс бабында туындайтын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері тыңдалып, жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстары қаралды.

    Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында түсіндірме берді.

    Бұдан бөлек, Департамент өкілдері жуырда ғана Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігері атанған Индира Рақышқызы Тоқбергенованы құттықтап, жас мемлекеттік қызметшілерді осындай байқауларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары