Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде семинар өткізілді

    ·
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде семинар өткізілді

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасымен Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде семинар өткізілді.

    Семинарда Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гаухар Сұлтанқызы Каткенова мен бөлім басшысы Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп бойынша бұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндіру жүргізді.

    Атап айтқанда Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланбау, мемлекеттік қызметшілердің жұмыста және жұмыстан тыс уақыттағы, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, лудоманияның алдын алу мәселелерін түсіндірді.

    Семинар соңында қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, жұмыс бабында туындайтын кадрлық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері тыңдалып, қаралды.

    Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында түсіндірме берді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары