
🔷 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлының бастамасымен 4 шілді күні Бәйдібек ауданында еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
👥 Іс-шараға Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Тасимов Нұрбол Асанұлы және Бәйдібек аудандық Отбасын қолдау орталығының өкілі Сағынбай Жасұзақ Сержанұлы қатысты.
📍 Рейд аясында аудан бойынша 10 нысан қамтылды. Атап айтқанда:
▪️ қоғамдық тамақтану орындары – 3 («Maki Maki», «Айымның асханасы», «Нұржанбек» кафесі);
▪️ жанармай құю станциялары – 2 («TS», «Аргос»);
▪️ көлік жуу орындары – 2 («Авто ВАЗ», «Әуезов» көлік жуу орны);
▪️ сауда нысандары – 3 («Көркем» дүкені, «Жеті» сауда орталығы, «Көркем» дүкені).
📖 Тексеру аясында кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту кезіндегі талаптар кеңінен түсіндіріліп, еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеудің маңыздылығы айтылды.
📌 Осындай ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да аудан аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.









