2026 жылғы 6–10 шілде аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) және Корея Республикасының Кеден қызметтері ынтымақтастығы қорының (CCF Korea) қолдауымен ұйымдастырылған «Үйлестірілген жүйе» атты халықаралық семинар өтуде.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ тауарларды сыныптау саласындағы халықаралық сарапшылар қатысуда.
Семинардың дәріскерлері ретінде ДКҰ-ның Үйлестірілген жүйе жөніндегі аккредиттелген сарапшылары – Яра Гил Силва Новис (Бразилия) және Альваро Фернандес Асебес (Испания) сөз сөйлеуде.
Семинар барысында тауарларды сыныптаудың заманауи тәсілдері, Үйлестірілген жүйені қолдану тәжірибесі, сондай-ақ Үйлестірілген жүйенің 2028 жылғы редакциясына ұсынылған өзгерістер талқылануда. Медициналық вакциналарды қоса алғанда, жаңа тауар позицияларына және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін сауданы жеңілдетуге әрі кедендік рәсімдердің болжамдылығын арттыруға ықпал ететін алдын ала сыныптау туралы шешімдер институтына ерекше назар аударылуда.
Аталған семинардың өткізілуі Қазақстанның халықаралық кедендік ынтымақтастыққа белсенді қатысатынын және кедендік әкімшілендіру саласына озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге ұмтылысын айғақтайды. Семинар барысында алынған білім тауарларды сыныптау жүйесін одан әрі жетілдіруге, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Астанада Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйе бойынша халықаралық семинары өтуде
Ұқсас материалдар

Зеренда әр елден келген 1500 жүгіру әуесқойын біріктірді
Ақмола облысының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан»: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Алматы облысының әкімдігіАшу
Экология министрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы табиғат қорғау мекемелерінің жұмысымен танысты
ҚР ЭТРМАшу
Министр ІІМ-нің үздік жас офицерлерімен кездесті
ҚР ІІМАшу
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары

Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу
МКК халықаралық автотасымалдауды жеделдету шараларын талқылады
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 1–3 қазанда жұмыс істемейді
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу
Мемлекеттік кірістер органының алғаш қабылданған қызметкерлері үшін кәсіптік даярлық курсы өткізілді
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу
Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу