Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру

    «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерінің жария талқылауы өтетінін хабарлайды.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында жүргізіледі.

    Ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    * Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    * Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Жария талқылаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау, сондай-ақ Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды азайту жөніндегі ұсыныстар мен ескертулерді жинау.

    Жария талқылау: 2026 жылғы 8 шілде.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ұсыныстар мен ескертулерді төмендегі байланыс деректері арқылы жолдауға болады:

    ☎️ +7 (7172) 550-443

    📧 [email protected]

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары