
Кемел Тоқаев саябағына жиналған қауымға өңірдің өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық және заманауи билер көрермен назарына ұсынылды. Мерекелік бағдарламаға аудан тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күймен бірге еліміздің бас қаласына деген құрметтерін білдіруде. Мереке құтты болсын!









