Департамент екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Білім беру қызметін лицензиялау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі, лицензиясыз және ескертусіз қызмет;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
2026 жылдың 2 тоқсанында Департаментпен 74 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, рухани білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 2026 жылғы 2 тоқсанда Департаментпен 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
* 5-лицензияға қосымшалар беру бойынша;
- 10-лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша;
* 2-өтініш берушілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтай отырып, заңнамада белгіленген мерзімдерде көрсетілген.
Білім беру ұйымдарынан шығатын 57 ресми құжатқа апостиль қойылды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 8 іс – шара өткізілді, 72 адам қамтылды.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 465 ұйымы өз қызметін жүзеге асырады: 172 балабақша (113 мемлекеттік, 59 жеке), 293 шағын орталық (286 мемлекеттік, 7 жеке), 310 мектепалды даярлық сыныптары. Барлық ұйымдар хабарлама тәртібін сақтады.







