«Елорда – мәдениет пен бірліктің мекені» мерекелік концерті

    «Елорда – мәдениет пен бірліктің мекені» мерекелік концерті

    Астана күніне орай ұйымдастырылған «Елорда – мәдениет пен бірліктің мекені» атты мерекелік концерт өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты – Астананың еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі маңызын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

    Мерекелік концерт барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер орындап, жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері «Астана – ел жүрегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Астананың тарихы, қалыптасу кезеңдері, сәулет өнері, мәдениеті және тәуелсіз Қазақстанның даму жолын баяндайтын кітаптар мен энциклопедиялар көпшілік назарына ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары