
Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімінің ұжымында фотосурет туындыларын пайдалану кезінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің түсіндірмелерімен егжей-тегжейлі танысты. Сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптары талқыланды.






