
Түркістан облысында 2026-2027 жаңа оқу жылына Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) ұйымдарына құжаттарды қабылдау басталды.
Кәсіптік білім алам десеңіз, құжаттарды колледжің қабылдау комиссиясына бару арқылы немесе қабылдау комиссиясына бармай-ақ, колледжге қабылдау туралы өтінім беруге мүмкіндік беретін ТжКБ ұйымына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі — қызмет алушыға «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар.
Қызметті пайдалана алатындар: 18 жасқа толмаған абитуриенттер ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен бірге өтінім береді, ал 18 жаста және одан асқан абитуриенттер өздігінен жүгіне алады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері, білім туралы құжаты цифрландырылмаған өткен жылдардың бітірушілері, патронаттық тәрбиедегі абитуриенттер, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарындағы абитуриенттердің заңды өкілдері колледждің қабылдау комиссиясына тікелей жүгіну арқылы қағаз түрінде өтінім береді.
ТжКБ ұйымдарына құжаттарды қабылдау кестесі
Бағдарламалар категориясы /
оқу нысаны
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды �









