Зубаир ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесу

    ·
    Зубаир ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесу
    Құрметті жерлестер!
    Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Мұратов Талғат Батырұлының Зубаир ауылдық округінде өткен есептік кездесуіне Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы қатысты.
    Кездесу барысында округ әкімі абаттандыру жұмыстары, тұрғындардың «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы, елді мекендерді көгалдандыру және округтегі қазіргі міндеттер туралы баяндама жасады. Қазіргі таңда округте 115 түп ағаш көшеті отырғызылып, Зубаир және Жаңауыл ауылдарында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.
    Сонымен қатар қоныс аудару бағдарламасы аясында тарихи Отанына Қытайдан көшіп келген қандастарға арнайы таныстыру сапары ұйымдастырылғаны, оларға ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылғаны баяндалды.
    Кездесу барысында тұрғындар негізінен ауызсу жүйесі мен жайылым жер тапшылығы мәселелерін көтерді. Су мәселесіне байланысты қажетті жөндеу жұмыстарын қарастыру бойынша тиісті бөлімдермен бірлескен жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
    Мұндай кездесулер халықпен тікелей пікір алмасып, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары