«Ұлы дала үні – Астана» мерекелік концерті өтті

    «Ұлы дала үні – Астана» мерекелік концерті өтті

    Қарқаралы қалалық Мәдениет үйінде Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үні – Астана» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

    Шара барысында жиналған қауымды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

    Концертте аудан өнерпаздары патриоттық және халық әндерін орындап, күйлер шертті. Сондай-ақ ұлттық би қойылымдары ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары