Балқашқа барар жолда полицейлер қауіпсіздікпен қатар қамқорлық танытуда

    Балқашқа барар жолда полицейлер қауіпсіздікпен қатар қамқорлық танытуда

    Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Балқаш көліне бағыт алған демалушылар легі күн санап артып келеді. Осыған орай Балқашқа апаратын негізгі бағыттардың бірі – Лепсі ауылында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

    Туристік маусым аясында полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық кездесу өткізіп, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ көлік құралын мас күйде басқаруға жол бермеу, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану және жолда барынша мұқият болудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

    Жазғы аптап ыстықты ескерген полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға ауыз су таратып, оларға сәтті сапар, көтеріңкі көңіл күй және Балқаш жағалауындағы қауіпсіз әрі жайлы демалыс тіледі.

    Осындай профилактикалық іс-шаралар туристік маусым бойы тұрақты түрде жалғасады. Оның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары