Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – басты назарда

    ·
    Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – басты назарда

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары балалар ойын алаңдары мен қоғамдық орындарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Іс-шара барысында жасөспірімдерге және олардың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол берілмейтіні туралы ақпарат берілді.

    Сонымен қатар, ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, түнгі уақытта қараусыз қалдырмау және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, олардың жүріс-тұрысы мен бос уақытын тұрақты бақылауда ұстауға шақырады.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары