25 маусым күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері «Алтын Арман» базарының қызметкерлерімен бірқатар жеке профилактикалық әңгімелесулер өткізді.
Қатысушыларға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №1 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы» қаулысының ережелері түсіндірілген ақпараттық брошюралар таратылды.
Орталық қызметкерлері діни әдебиеттерді, сондай-ақ діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды (сувенирлік өнімдер, күнтізбелер және т.б.), сонымен қатар діни мақсаттағы заттарды (иконалар, тәспілер және т.б.) таратуға тек ғибадат ғимараттарында (құрылыстарында), рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған арнайы тұрақты үй-жайларда ғана рұқсат етілетінін еске салды.
Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы заңнамасының нормалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
«Алтын Арман» базарында діни материалдарды таратуға қатысты жауапкершілік түсіндірілді
Ұқсас материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА 169 БАЛА ЕСТУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ: ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 225 КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТАТТАУ ОПЕРАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ
ҚР ДСМАшу
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МӘРТЕБЕСІН ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЖЕЛІЛІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ
ҚР ДСМАшу
Астанада ауқымды экологиялық акцияға 173 мыңға жуық тұрғын қатысты
Астана қаласының әкімдігіАшу
Астаналық джиу-джитсу шебері Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Астана қаласының әкімдігіАшу
"" жаңалықтары
Петропавл және Булаев епархиясы дін қызметкерлерінің жиналысы өтті
АшуАрнайы стационарлық үй-жайларға мониторинг жүргізілді
Ашу«Қасиетті болыңдар, өйткені Мен қасиеттімін»: Озерное ауылында католик жастарының 27-ші мерекесі өтті
АшуДіни сауаттылық және этносаралық келісім – бейбіт қоғамға бастар жол
АшуВедомствоаралық өзара іс-қимыл
Ашу