
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаевтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Оған әкімнің орынбасарлары Жәнібек Қайратұлы Мұқатаев пен Асет Асхатұлы Баймұрзаев, әкім аппаратының басшысы Еркебұлан Серікқалиұлы Тұрсын, Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Оразайұлы Құсайынов, әкімдік аппараты мен дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ шақырылған ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдердің басшылары баяндама жасады.
Семей қаласының тұрғындарын толғандыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, халықты жұмыспен қамту және өзге де маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды. Әрбір мәселе бойынша қала әкімі баяндамаларды тыңдап, нақтылайтын сұрақтар қойды, тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін белгіледі және қабылданған шешімдердің орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Мұндай отырыстар тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қоюға, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге және қала тұрғындарының игілігі үшін қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.









