
Мектеп оқушылары және студенттердің жазғы демалыс уақытында еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бағытында кезекті профилактикалық (рейд) шарасы өткізілді. Аталған профилактикалық шараға Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов және талдау жұмысы бөлімінің басшысы А.Ұзақбаев, жастар ресурстық орталығы және ювеналды полиция бөлімшесі бастығының орынбасары М.Әуесбаев қатысып, Қызылорда қаласындағы қоғамдық тамақтану, көлік жуу орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.









