"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Мемлекеттік еңбек инспекторы У. Рустемова Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану, еңбек тәртібін сақтау және қызметкерлердің еңбек заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және олардың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы айтылды.









