eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде өз бетінше жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді. Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді. Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады. Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді.
ЕНДІ ГАЗ ЕСЕПТЕУІШІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Диана Ерлан Алматы балалар омбудсмені қызметінен кетті
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
«Тегін заң көмегі» Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері үшін «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
№ 3 ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Жүнісова Маржан Бахтыбайқызы Смирново ауылының № 1 мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның қатысуы» тақырыбында дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
Қазақстан Республикасының Күні мерекесі қарсаңында Жоғары экономика-құрылыс колледжінің студенттерімен «Мемлекеттік құқық және егемендікті қамтамасыз етудегі атқарушылық өндірістің рөлі» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
""Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ" жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРАСТЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ТҰРАН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖЕЛІСІНІҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
Шымкентте жылу желілерін цифрландыру: жасанды интеллект арқылы құбырішілік диагностика жүргізілуде
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу