Медициналық қызметті лицензиялаудағы жаңа талаптар

    Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау талаптарын жаңартты.

    📌 2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымдар:

    РБЖ-2.0 жүйесіне
    Ұлттық электрондық денсаулық паспортына
    тіркелген медициналық/зертханалық цифрлық жүйелерге
    міндетті түрде қосылуы тиіс.

    🏥 Лицензия алу үшін негізгі талаптар:
    санитариялық талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың болуы
    білікті мамандардың (сертификат, біліктілікті арттыру) болуы
    медициналық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтардың болуы
    тіркелген жеткізушіден алынған медициналық цифрлық жүйенің болуы

    🏛 Лицензияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді және талаптардың сақталуын тексереді.

    📌 Жаңа талаптар медициналық қызмет сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ" жаңалықтары