
2026 жылғы 29 маусымда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында семинар өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің маманы қатысып, Басқарма мамандары мен көмекші қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар нақты мысалдар мен бейнематериалдар арқылы түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнама талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.









