«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында семинар өткізілді

    «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында семинар өткізілді

    2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында “Dosjan temir joly” АҚ-ның Шығыс Қазақстан филиалы қызметкерлеріне семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру, қызметкерлердің денсаулығын сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу және кәсіптік тәуекелдерді азайту мәселелері бойынша ақпараттандыру. Семинар барысында салауатты жұмыс ортасының маңыздылығы, қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастырудың рөлі және жобаға қатысудың еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорынның тұрақты дамуына әрі қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға қосатын үлесі туралы түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары