Жаңалық

    ·
    Жаңалық
    ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АЗИЯ МИЛК» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 1400 ТОННАҒА ЖУЫҚ СҮТ ӨНДІРЕДІ
    Бүгін Төлеби ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты – ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстыру және өңірдің өндірістік әлеуетін көрсету. Тур аясында БАҚ өкілдері аудан экономикасына оң әсер етіп, өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты.
    Алдымен журналистер Сұлтанрабат елді мекеніндегі « AiK.kz » кәсіпорнында болды. Сағатына 2 мың дана жұмыртқа науасын (лотогын) өндіретін нысан биыл пайдалануға берілген. Жобаның жалпы құны - 250 млн теңге. Қазіргі таңда онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
    Пресс-тур бағдарламасы аясында өңірдегі балық шаруашылығын дамытуда алдыңғы қатардан көрініп жүрген «Fish House» ЖШС-ң жұмысы таныстырылды. Киелітас ауылдық округіне қарасты Достық ауылында 2025 жылдың шілде айында ашылған кәсіпорын жылына 300 тонна балық өндіреді. Онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында балықтың форель, сазан және ақ амур түрлері өсіріледі. Айта кетейік, кәсіпорын 2025 жылы Қазақстанның «Ең үздік балық өндірушісі» атанған
    Сапар аудан орталығы Ленгір қаласында орналасқан «Dana» тігін цехында жалғасты. Жеке кәсіпкер Дана Жұмабаева өз қаражаты есебінен ашқан кәсіпорында жылына 150 мың дана жаздық және 90 мың дана қыстық арнайы жұмыс киімі тігіледі. Еліміздің барлық өңірлерімен әріптестік байланыс орнатқан цех өнімдерін көршілес Ресейге де экспорттайды.
    Сапар аясында Зертас елді мекенінде салынып жатқан спорт кешенінің құрылысы таныстырылды. 2025 жылы басталған құрылыс облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы пайдалануға берілетін кешенде 45 орындық кіші спорт залы, баскетбол, волейбол және күрес залдары, сондай-ақ заманауи жаттығу залы болады.
    БАҚ өкілдерінің назарына «Азия Милк» шаруа қожалығы да ұсынылды. Жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын фермада жылына 1300–1350 тонна сүт өндіріледі. Жалпы 40-тан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорынның алғашқы кезеңі 2025 жылдың соңында пайдалануға беріліп, онда 564 бас ірі қара болған. Ал екінші кезеңі 2026 жылы іске қосылып, мал басы 636-ға жеткен.
    Бағдарлама аясында делегация аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан «Төлеби баба» музейімен де танысты. Аталған нысанды биыл шілде айында пайдалануға беру жоспарланған. «Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен салынып жатқан музейдің жалпы құны 372,2 млн теңгені құрайды.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    _________
    В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ КРЕСТЬЯНСКОЕ ХОЗЯЙСТВО «AZIA MILK» ПРОИЗВОДИТ ОКОЛО 1400 ТОНН МОЛОКА В ГОД
    Сегодня в Толебийском районе был организован пресс-тур для представителей средств массовой информации. Целью поездки стало ознакомление с реализуемыми в районе проектами и демонстрация производственного потенциала региона. В рамках тура журналисты посетили ряд объектов, оказывающих положительное влияние на экономику района и способствующих развитию его потенциала, а также ознакомились с их деятельностью.
    Первым пунктом программы стало предприятие « AiK.kz » в населенном пункте Султанрабат. Объект, введенный в эксплуатацию в текущем году, производит до 2 тысяч лотков для яиц в час. Общая стоимость проекта составила 250 млн тенге. В настоящее время здесь на постоянной основе трудоустроены 20 человек.
    В рамках пресс-тура также была представлена деятельность ТОО «Fish House», которое является одним из лидеров в развитии рыбного хозяйства региона. Предприятие, открытое в июле 2025 года в селе Достык Киелитасского сельского округа, производит 300 тонн рыбы в год. Здесь постоянно работают 20 человек. На предприятии выращивают форель, сазан и белый амур. Стоит отметить, что в 2025 году компания была признана «Лучшим производителем рыбы Казахстана».
    Далее участники пресс-тура посетили швейный цех «Dana», расположенный в городе Ленгер. На предприятии, открытом индивидуальным предпринимателем Даной Жумабаевой за счет собственных средств, ежегодно шьют 150 тысяч комплектов летней и 90 тысяч комплектов зимней специальной рабочей одежды. Цех сотрудничает со всеми регионами Казахстана и экспортирует свою продукцию в Россию.
    В ходе поездки журналистам также представили строительство спортивного комплекса в населенном пункте Зертас. Работы, начатые в 2025 году, ведутся за счет средств областного бюджета. Согласно проекту, комплекс будет введен в эксплуатацию в 2027 году. В нем предусмотрены малый спортивный зал на 45 мест, залы для баскетбола, волейбола и борьбы, а также современный тренажерный зал.
    Особое внимание представителей СМИ было уделено крестьянскому хозяйству «Azia Milk». На ферме стоимостью 1 млрд тенге ежегодно производится 1300–1350 тонн молока. Предприятие обеспечивает постоянной работой более 40 человек. Первый этап проекта был завершен в конце 2025 года, когда на ферме содержалось 564 головы крупного рогатого скота. Второй этап был реализован в 2026 году, после чего поголовье увеличилось до 636 голов.
    Кроме того, делегация ознакомилась со строительством музея «Толеби баба» в районном центре. Ввести объект в эксплуатацию планируется в июле текущего года. Музей строится по заказу государственного учреждения «Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Толебийского района». Общая стоимость проекта составляет 372,2 млн тенге.
    Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары