Абай облысында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері қаралды

    ·
    Абай облысында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері қаралды

    Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Рахановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

    Жиында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары талқыланды.

    – Қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау, ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы бастамалар мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерімен сабақтас. Бұл жұмыстарда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі ерекше мәнге ие, – деді облыс әкімінің орынбасары.

    Кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов баяндама жасап, азаматтық қоғам институттарының қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудағы маңызына тоқталды.

    – Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық диалогты дамытуға және мемлекеттік бастамаларды халыққа түсіндіруге елеулі үлес қосып келеді, – деді басқарма басшысы.

    Отырыс соңында кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары