Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық аясында учаскелік сайлау комиссияларының екінші отырыстары өтті

    ·
    Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық аясында учаскелік сайлау комиссияларының екінші отырыстары өтті

    2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық аясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20 бабы 3 тармағына сәйкес, №220, №221, №246 және №247 учаскелік сайлау комиссияларының екінші отырыстары өткізілді.

    Отырыс барысында 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуге қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Атап айтқанда, сайлау учаскелерінің сайлауды өткізуге дайындығы, сайлау құжаттамаларын жүргізу тәртібі, дауыс беру күні комиссия мүшелерінің міндеттері мен өкілеттіктері, сайлау процесінің заңдылығын, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, комиссия мүшелеріне сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, сайлаушылардың сайлау құқықтарын толық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, дауыс беру рәсімдерін белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Отырыс қорытындысы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге бағытталған нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспары нақтыланды. Сайлауға дайындық жұмыстары бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жалғасуда.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары