Тараз қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

    Шу ауданының әкімдігі·
    Тараз қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 1 шілдеден бастап кезекші кесте бойынша Алатау ш.а, 16А мекенжайында орналасқан Тараз қалалық «Жібек жолы» ауданының №1 ХҚКО-сы жұмыс істейтінін хабарлайды.

    Сонымен қатар, Төле би көшесі, 89Г мекенжайында орналасқан Тараз қалалық «Әулиеата» ауданының №1- ХҚКО-сы әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

    Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз қабылдайды, ал сенбі күні — 9:00-ден 13:00-ге дейін.

    Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның мекенжайы өзгеріссіз қалады: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 198А. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні — 9:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін.

    Ұқсас материалдар

    "Шу ауданының әкімдігі" жаңалықтары