ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    Заң мен тәртіп қағидаты аясында Шу ауданында профилактикалық бағыттағы жиын өтті. Басқосуға Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Аманбекұлы, аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Сейітжан Тұрсынбекұлы, мекеме басшылары, ата-аналар мен ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

    Жиын барысында қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастар тәрбиесі мен отбасының жауапкершілігі, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Кездесуде заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екені атап өтіліп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыстың маңыздылығы айтылды.

    Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шу ауданының әкімдігі" жаңалықтары