Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласының бас жоспары. Түзету» құжатының әсер ету скринингі бойынша есеп.
СЭБматериалдарын әзірлеуші: «Интерайнс» ЖШС.
СЭБматериалдарына тапсырыс беруші: «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
СЭБматериалдарын әзірлеуге жауапты: Шу ауданының әкімдігі
СЭБматериалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
1)жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2)Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3)СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4)Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
- құрылыстың бірінші кезеңі – 2030 ж.;
- есептік мерзім - 2040 жыл.
Уәкілеттіорган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі:2026 жылғы27 қарашабастап11желтоқсанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 11 желтоқаны).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ.,Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
e-mail: [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде на эл. адрес Экология министрлігіКанцеляриясының электрондық адресіне: [email protected] ( сіздің құжатыңыздыКанцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылынақтылау қажет);
- e-mail: : [email protected]; [email protected];
СЭБ бойынша материалдар:
1) Экология министрлігінің сайтында («Қ ызмет » бөлімі » « Негізгі құжаттар » – « Стратегиялық экологиялық бағалау » бөлімі)
2) Тапсырыс берушінің сайтында: «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







