Лицензиялық комиссия отырысының қорытындысы

    2026 жылғы 1 шілдеде Қарағанды облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Лицензиялау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

    Жұмыс барысында комиссия мүшелері ұсынылған құжаттаманы зерделеп, келесі мәселе бойынша рұқсат беру бақылауының нәтижелерін талдады:

    • Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№2 балалар өнер мектебі» КМҚК «Салют» білім беру-сауықтыру орталығының маусымдық қызметіне лицензия және лицензияға қосымша алуға арналған өтінімді қарау.

    Лицензиялау комиссиясы білім беру ұйымдары мен балалардың демалыс орталықтарының қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толық сәйкес келуін, осылайша балалардың дамуы мен сауығуы үшін қауіпсіз әрі сапалы ортаны қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстауды жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары