
️Халықпен тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен ауданның даму жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ, ауыл әкімі өткен кезеңдегі жұмыс туралы есеп беріп, тұрғындардың алдында сөз сөйледі.
Тұрғындар денсаулық сақтау саласына, елді мекенді абаттандыруға, инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға, аудан орталығының туристік әлеуетіне, сондай-ақ әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелерді айтты.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімшелерге тапсырмалар берілді.









