Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты

Жәнібек ауданында өткен шара
Жәнібек ауданында «Заң керуені» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету шарасы өткізілді.
Шараға Әділет департаментінің, полиция және прокуратура органдарының, сондай-ақ ауылдық әкімдік өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіліп, оларды мазалаған құқықтық мәселелер бойынша толыққанды түсіндірмелер берілді.
Аталған шараның мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру болып табылады.




