Арқарлы ауылында тасаттық берілді

    Арқарлы ауылында тасаттық берілді

    Арқарлы ауылында ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен тасаттық беріліп, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы, бірлік пен береке үшін дұға жасалды.
    Шараға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Тасаттық барысында Құран оқылып, ата-баба рухына бағышталып, елдің игілігі мен жердің құт-берекесі үшін бата берілді.
    Мұндай игі шаралар халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігін нығайтып, ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтауға ықпал етеді. Ақ дастарқан басында ауыл тұрғындары бас қосып, бір-біріне ізгі ниеттерін арнады.
    Еліміз аман, жұртымыз тыныш, берекеміз мол болсын! 🤲🏻

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары