Арқарлы ауылдық округінде жастар мен ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Акция барысында тұрғындарға темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, есірткі заттарын қолдану сияқты зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың, бос уақытты тиімді пайдаланудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды. Тақырыпқа байланысты ақпараттық түсіндірме материалдары таратылды.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың, әсіресе жастардың зиянды әдеттерге қарсы көзқарасын қалыптастыру, денсаулықты сақтауға шақыру және салауатты өмір салтын таңдауға бағыт беру.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі! Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын бірге таңдайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









