Қайнар ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жауапты бас маман А. Жазылбекова мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері және өтініш беру жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қызметтерді уақытылы әрі сапалы алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







