Науырзым ауданынының бес айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды

    ·
    Науырзым ауданынының бес айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды

    — Аудан бюджетінің кіріс бөлігі 147,7 пайызға орындалып, 268,8 млн теңгені құрады. Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша берешек жоқ, — деді Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов.
    Оның айтуынша, ауданда негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім байқалады: негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 230,6 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 161,8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 136,6 пайызға өскен.
    — Агроөнеркәсіптік кешен саласында техникалық жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 300 млн теңгеге 26 бірлік техника мен құрал-жабдық сатып алды, — деп хабарлады Мәди Ихтиляпов.
    Аудан әкімі абаттандыру және экология мәселелеріне де тоқталды. Оның айтуынша, биыл ауданда 4 мыңнан астам ағаш отырғызылған.
    — Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауға ауданның толық мүмкіндігі бар. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады, — деп атап өтті аудан әкімі.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары