Құмарық ауылдық кітапханасында «Нашақорлыққа жол жоқ! Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесу барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін кері әсері айтылып, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, саналы таңдау жасап, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Сонымен қатар тақырыпқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар ұсынылды. Қатысушылар есірткіге қарсы күрес, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың жарқын болашағы жөнінде пікір алмасты.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған.
Есірткіге жол жоқ! Салауатты өмір салтын таңдайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




