Ұлттық Aitu мессенджері AI Journey 2026 халықаралық конференциясында таныстырылды

    1 / 2

    Ұлттық Aitu мессенджері 27–28 қараша күндері өтіп жатқан AI Journey 2026 халықаралық конференциясында таныстырылды. Көрме аясында Aitu өз стендін ұсынып, келушілерге қосымшаның мүмкіндіктерімен танысып, оның функцияларын сынап көруге мүмкіндік берді.

    Aitu Қазақстанда 8 жылдан бері дамып келеді. Бүгінде мессенджерде 7 миллионнан астам аккаунт тіркелген, ал ай сайынғы белсенді аудиториясы 1,3 миллионнан асады.

    Aitu хабар алмасу, қоңырау шалу, жасанды интеллект және цифрлық сервистерді бір платформаға біріктіреді. Пайдаланушылар хабарламаларды қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше автоматты түрде аудара алады. Сонымен қатар қосымшадан шықпай-ақ, чат ішінде ақша аудару, шоттарды төлеу және құжаттарға қол қою мүмкіндігі бар.

    Aitu дамуының негізгі бағыттарының бірі – сенімді коммуникацияларды қалыптастыру. Ұйымдардың аккаунттары верификациядан өтіп, көк белгі алады. Бұл пайдаланушыларға ресми аккаунттарды жалған парақшалардан ажыратуға көмектесіп, цифрлық алаяқтық тәуекелдерін азайтады.

    Aitu мүмкіндіктері бірнеше бағытта дамып келеді. Халыққа арналған ұлттық мессенджер, мемлекеттік ұйымдарға арналған Aitu Gov Workspace және бизнеске арналған Aitu Workspace шешімдері ұсынылған. Бұл өнімдердің барлығы коммуникацияларды, цифрлық құралдар мен сервистерді бірыңғай ортаға біріктіреді.

    Қосымшада мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат алуға және қажетті қызметтерді табуға көмектесетін AI-ассистенттер де қолжетімді. Олардың көмегімен пайдаланушылар ақпаратты мәтіндік және дауыстық форматта ала алады.

    Aitu-дың AI Journey 2026 конференциясына қатысуы ұлттық мессенджерді халықаралық технологиялық алаңда таныстыруға, шетелдік аудиторияны оның мүмкіндіктерімен таныстыруға және заманауи цифрлық коммуникацияларды дамыту әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі" жаңалықтары