ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде шағын несиелеу мен лизинг шартын өзгертуді ұсынады.Тиісті бұйрықтың жобасы (2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрық) ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың кәсіпкерлерінің қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.
Негізгі өзгерістің бірі лизингтік қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтуге қатысты. Тек ауыл шаруашылығы техникасын ғана емес, бизнес жүргізу үшін қажетті техника мен басқа да жабдық түрін сатып алу мүмкіндігі көзделеді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландырудың шекті мөлшерін қайта қарау жоспарлануда. Бұл кәсіпкерлердің осындай жобаларды іске асыру мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қайта өңдеуді дамытуға бағытталатын қаражаттың кепілді үлесі сақталады.
Ұсынылған өзгерістер қаржылық қолдау көрсету шарттарын жетілдіруге, ауыл кәсіпкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда бизнесті дамытуды ынталандыруға ықпал етеді.
«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15951213
Жобаны жария талқылау 2026 жылғы 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
#ЗАҢменТәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









