«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

    1 / 3

    Меркі ауданында Ішкі істер бөлімі, аудан әкімдігі, білім бөлімі және Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында кең ауқымды іс-шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
    Іс-шарада Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы мен Меркі аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ бастығы, полиция майоры Ренат Ерланұлы сөз сөйлеп, тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту мәселелеріне тоқталды.
    Ресми бөлімнен кейін отбасылық спартакиада ұйымдастырылып, қатысушылар эстафеталық жарыстарда өзара бақ сынады. Іс-шара соңында жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Ұйымдастырушылар мұндай шаралар отбасы құндылықтарын дәріптеп, қоғамда зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары