АЙТЫЛДЫ:
«Су ресурстарын түгелдей әрі дұрыс есепке алу үшін цифрлық құралдарды толыққанды пайдалану айрықша маңызды. Бұл жаңа өндірістерді жоспарлау кезінде мұқият ойластырылған, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан Үкімет Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру ісін көпке созбай, тез арада аяқтауы керек.».
ОРЫНДАЛДЫ:
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) 2026 жылғы қыркүйекте өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Жүйе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша сынақтан өтіп, оң қорытынды алды.
Қазіргі уақытта СРҰАЖ-да су шаруашылығы саласындағы негізгі процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін 15 модуль жұмыс істейді. Жүйеге 3 800 ұйым мен 5 208 пайдаланушы қосылған.
Су ресурстары мен инфрақұрылымның бірыңғай цифрлық базасы қалыптастырылды. Оған 17 758 өзен, 3 148 көл, 1 209 гидротехникалық құрылыс және 82 су қоймасы туралы мәлімет енгізілді. Сондай-ақ жүйеге су пайдалану есебі бойынша 7 516 есеп және 2-ТП нысаны бойынша 1 370 есеп жүктелді.
Су шаруашылығы инфрақұрылымын цифрландыру аясында 10 623 гидротехникалық құрылыстың паспорты рәсімделді. Оның 7 187-сін бассейндік инспекциялар қабылдады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









