"Заң мен Тәртіп" аясында мектеп оқушыларына лекция оқыды

    1 / 3

    26.11.2026 жылғы Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ж. Досмырзаева «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жастардың құқықтық тәрбиесі және заңды білу» тақырыбында лекция оқылды.
    Іс-шара барысында жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу туралы түсіндірілді.
    Кездесу қорытындысы бойынша оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, әрбір жас ұрпақ өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заңды құрметтеген жағдайда ғана әділетті және қауіпсіз қоғам болатыны туралы айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Әділет департаменті" жаңалықтары