Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз етукомитетініңАтырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз етудепартаментінен2026жылғы23-27 қарашааралығындаАтырауоблысыныңбілім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің басшысы Дилмукашева Орынша Матаевна, Махамбет ауданы білім бөлімінің бас маманы Тәжікова Гүлбаршын Еділқызыкәсіби білім алу мен тәжірибе жинақтау мақсатында ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтуде.
Тағылымдама – мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылатын кәсіби даму нысаны. Оның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, сондай-ақ практикалық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
Тағылымдама барысында қатысушылар білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасуға және кәсіби білімдерін толықтыруға мүмкіндік алуда.
Дилмукашева Орынша Матаевна мен Тәжікова Гүлбаршын Еділқызының тағылымдама барысында жинақтаған тәжірибесі олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, мемлекеттік қызметтік міндеттерін тиімді әрі сапалы орындауына оң ықпал етеді деп сенеміз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








