Көкшетау қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Айгүл Нүгертаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге және оны іске асыру аясында мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді талқылауға арналған кеңес өтті.
Кеңеске Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Қайырлықызы Шүгірмақова қатысып, Мемлекет басшысы айқындаған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен басым міндеттері бойынша түсіндірме берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






