Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Тимирязев ауылында көшпелі семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Қанат Досжанов, камералдық бақылау бөлімінің мемлекеттік аудиторы Полина Балгарина, жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің мемлекеттік аудитор ассистенті Ғалия Башенова, қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Әлия Исатаева, сондай-ақ ауданның бюджеттік мекемелері басшыларының орынбасарлары мен бас бухгалтерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында бюджет және қаржы заңнамасының сақталуы, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қызметіндегі заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, қатысушыларға мынадай бағыттар бойынша ақпарат ұсынылды:
·Департаменттің 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында атқарып жатқан жұмыстары;
·2026 жылдың 10 айындағы камералдық бақылау нәтижесінде анықталған жиі кездесетін заңбұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер;
·2026 жылдың 10 айындағы бюджет шығыстарының онлайн-мониторингі нәтижелері, бюджет шығыстары бөлігіндегі өзекті мәселелер және осы бағытты одан әрі дамыту перспективалары.
Бюджет заңнамасын бұзудың алдын алу, бюджет қаражатының мақсатсыз және тиімсіз пайдаланылуына жол бермеу, сондай-ақ еңбекақы есептеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жүргізілген есептеулерді негіздейтін тиісті растайтын құжаттардың міндетті түрде болуы қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, осы саладағы заңнамада белгіленген рәсімдер мен талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша Департамент өкілдері анықталған тәуекелдерді жоюға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар беріп, тапсырмалар жүктеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








