💚 Таза Қазақстан — ортақ міндетіміз!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    💚 Таза Қазақстан — ортақ міндетіміз!

    2026 жылғы 19 қыркүйекте Экономика және қаржы бөлімінің ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысты.

    Іс-шара барысында қызметкерлер аумақты абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау жұмыстарына атсалысып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен жанашырлықтарын көрсетті.

    🌱 Экологиялық бастамаларға қатысу — бұл табиғатты қорғау ғана емес, сонымен қатар айналамызды таза әрі жайлы етуге қосылған ортақ үлес. Осындай игі істер ұжымның бірлігін нығайтып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.

    Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздың күнделікті әдетімізге айналсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары