ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕК ӨТІЛІ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

    📌 ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕК ӨТІЛІ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 және 209-баптарына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілін есептеу мен растаудың өзіндік тәртібі бар.
    🔹 Еңбек өтіліне қандай кезеңдер кіреді?
    Заңнамада көзделген тәртіппен еңбек өтіліне мыналар есепке алынады:
    ▪️ Еңбек шарты бойынша атқарылған жұмыс;
    ▪️ Әскери қызмет және мемлекеттік қызмет;
    ▪️ Кәсіпкерлік және табыс әкелетін өзге де қызмет;
    ▪️ Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқу кезеңі;
    ▪️ Жас балаларға күтім жасау уақыты;
    ▪️ Мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау кезеңі;
    ▪️ Заңда көрсетілген өзге де әлеуметтік және еңбек қызметі кезеңдері.
    📍 Еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу
    Кейбір санаттағы азаматтар үшін еңбек өтілі жеңілдікпен есептеледі. Мысалы, заңда белгіленген жағдайларда:
    ▪️ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы белгілі бір жұмыс кезеңдері;
    ▪️ Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандардағы жұмыс және әскери қызмет;
    ▪️ Ауыр әрі ерекше жағдайларда атқарылған кейбір жұмыстар;
    ▪️ Заңсыз қуғын-сүргінге ұшырап, кейін ақталған азаматтардың белгілі бір кезеңдері.
    Мұндай кезеңдер заңда белгіленген мөлшерде есепке алынады.
    📄 Еңбек өтілін қалай растауға болады?
    1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде ескеріледі.
    Еңбек өтілі, негізінен:
    ✔️ Еңбек кітапшасымен;
    ✔️ Жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттармен;
    ✔️ Қажет болған жағдайда сот шешімімен расталады.
    ⚠️ Еңбек кітапшасында жазбалар болмаған жағдайда, еңбек өтілін растайтын басқа құжаттарды жинау маңызды.
    Ескеріңіз: Әр азаматтың еңбек өтілі жеке қаралады. Зейнетақы тағайындау кезінде заң талаптарына сәйкес құжаттардың толық әрі дұрыс болуы шешуші рөл атқарады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары