СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!

    Кентау қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің қызметкері «Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

    🔹 Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, оның алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтарға әкеп соғатын себептер мен жағдайларды анықтау және олардың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

    🔹 Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары, қызметтік мінез-құлық қағидалары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    ⚖️ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ұстану – қоғамдағы сенім мен әділдіктің берік негізі.

    #ЗаңМенТәртіп #СыбайласЖемқорлыққаҚарсыКүрес #Әдеп #Адалдық #ТүркістанОблысы Әділет

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары