Павлодар облысында көлік бақылауын күшейту мәселелері талқыланды

    1 / 2

    Көлік министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Дастан Жұмақұлов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында облыстық көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 10 айдағы жұмыс қорытындылары, өзекті мәселелер және көлік бақылауының тиімділігін арттыру жөніндегі алдағы шаралар талқыланды.

    Көлік бақылауын күшейту мәселелеріне, оның ішінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кету фактілерін, рұқсат беру жүйесі талаптарының бұзылуын және ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін төлемнің уақтылы төленбеу жағдайларын анықтауға ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту және профилактикалық іс-шаралармен барынша кеңінен қамту қажеттігі атап өтілді.

    Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасы «Омбы – Павлодар – Майқапшағай» автомобиль жолында орналасқан жылжымалы көліктік бақылау бекетіне барып, учаскедегі жұмыс барысымен танысты.

    2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Павлодар облысының көліктік бақылау инспекциясы 3 383 автокөлік құралын тексерді. Көлік заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары бойынша 1 057 әкімшілік материал жасалды.

    Көлік бақылауын күшейту және көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары